Оңтүстікте екпеден бас тартқандар көбеюде

166
вакцинадан бас тартушалырдың дені - діни көзқарастағылар

Облыста жылдан-жылға екпеден бас тартқандар қатары күрт көбейіп келеді. Былтыр иммундауға қарсы шыққандар саны 100-ге жуықтаған болса, биыл жыл басынан бері баласына түрлі дерттерге қарсы екпе салдырудан 300-ден аса ата-ана бас тартқан. Бұл туралы бүгін облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

вакцинадан бас тартушалырдың дені - діни көзқарастағылар

 

Ақ халатылар бұл жағдайға қатты алаңдап отыр. Айта кетейік, екпеден бас тартушылардың 78 пайызы діни көзқараста болса, 22 пайызына бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған материалдар әсер еткен. Қазір дәрігерлер ата-аналармен арнайы кездесіп, екпеден бас тартпауға үгіттеуге кірісті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LInjwW1KAEE[/youtube]

Сала мамандары вакцина уақтылы алынбаса, түрлі дерттер дендеп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. ОҚО эпидемиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы Қарлығаш Төлендиева екпеден бас тартушылар көбейе беретін болса, халықтың иммундық белсенділігі төмендеп кететінін алға тартады.