Бір ауылда спорттың екі түрінен федерация ашылуы — Оңтүстік өңірі үшін үлкен жаңалық. Өйткені, кейбір ауылдарымызда федерация былай тұрсын, қарапайым жаттығатын орындар да жоқ. Ал Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында өздерінің ауыл чемпионаты өтеді. Бұл күндері жарыс басталып, енді біріншілік сәуір айына дейін жалғасады. Күнделікті ойындарда чемпиондар анықталуда. Ауыл додасына 12 команда қатысып жатыр.
Ауылды жердегі волейбол ойынына 500-ден аса жанкүйер жиналмайтын. Алайда, Қарабаұлақ ауылында спорттың бұл түріне деген көзқарас өзгеше. Бір ауылдың өзінде волейболдан 12 команда бар. Әр көшенің өз құрамасы бар дейді федерация төрағалары.
Бұл жолы Қарабұлақ жанкүйерлері республикалық турнирдің куәсі болып отыр. Тараздан, Түркістаннан және Шымкенттен қонаққа командалар келіпті. Жарыстың алғашқы кездесуінде Оңтүстіктің қауіпсіздік комитетінің және Тараздың волейболшылары кездесті. Алғашқы партияның өзінде-ақ шымкенттіктер алға шықты.
Республикалық жарыстан бөлек мұнда ауыл чемпионаты да өтуде. 12 команда сәуір айына дейін жеңімпаз анықталатын болады. Спорттың бұл түріне деген қызығушылықтың арқасында Қарабұлақтың жастары облыс құрамасынан да өз орнын табуда.
Қайнар Омаров, волейбол жаттықтырушысы: «Біздің басты мақсатымыз — жақсы волейболшылар дайындау. Қазірдің өзінде шәкірттеріміз республикалық жарыстарға барып, жүлделі болуда. Бұл да болса біз үшін жақсы жетістік. Еңбегіміздің жемісі. Облыс құрамасына волейболшылар дайындап, ауыл спортын көтертсек, бізге одан асқан бақыт жоқ.»
Бұл доданың қорытындысы бойынша Қарабұлақтың жастары бірінші орыннан көрінді. Ал қауіпсіздік комитетінің волейболшылары екінші орынға шықса, алғашқы үштікті тараздықтар қорытындылады. Жарыстың үздік волейболшысы атағына Руфат Саидов ие болса, Мұхтар Пернебаев та шеберлігімен көзге түсті.