Еңбекші ауданының халқы 102 мың адамға артты

290
Еңбекші ауданының әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Еңбекші ауданы әкімдігінің атқарған жұмыстары тындырымды. Облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды 100 пайызға орындамаса да, ауыз толтырып айтатын жұмыстар жасалған. 

Еңбекші ауданының әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Еңбекші ауданының әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Ауданға қарасты 536 көпқабатты үй болса, соның басым бөлігінің аулалары жөндеуден өткен. Санитарлық тазалыққа жіті көңіл бөлініп, 81 миллион теңгеге тазалық жұмыстары жүргіілзген. Биыл аудан аумағын тап-тұйнақтай етіп ұстау үшін 180 миллион теңге бөлініпті.

Шымкент аумағының кеңейуіне байланысты ауданға 102 мың тұрғын мен 5 ауылдық округ қосылған. Өткен жылы қаланың шет шағынаудандарын жарықтандыру мен инфрақұрылымдарын түгендеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше шағынаудандарға су, көгілдір отын тарту үшін қыруар қаржы бөлініпті. Биыл 7,2 шақырым ішкі орамдық жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Ғалым Ильясов, Еңбекші ауданы әкімі: «Бадам», «Шаңырақ», «Тараз», «Тассай» шағынаудандарында ауызсу жүйелері, «Нұртас», «Нұрсәт», «Солтүстік-Шығыс», «Шапағат» шағынаудандарында газ құбырлары, кәріз жүйелері жүргізіледі».