«Туған өлке бояулары»

1575
Серік Жорабековтың "Түркістан" сериясы

«Туған өлке бояулары.» Көркемсурет галереясында ұйымдастырылған көрме осылай аталады. Экспозицияда суретші-ұстаз Серік Жорабеков және Сұлтан Жаңбыршиевтың 80-нен аса шығармасы қойылды. Арасында өңіріміздің өзіндік реңктегі табиғаты бейнеленген туындылар да бар.

Суретші Серік Жорабековтың автопортреті
Суретші Серік Жорабековтың автопортреті
Серік Жорабековтың "Ескі қала" туындысы
Серік Жорабековтың «Ескі қала» туындысы

Экспозиция Түркістанның жан-жақты көрінісі мен әртүрлі уақытта бейнеленген полотнолардан басталып тарих, портреттік және таулы пейзажбен жалғасады. Көрермен Оңтүстікке ғана тән реалисттік, импрессионистік бағыттардағы туындыларды тамашалап, бір сәттік рахатқа мүмкіндік алды.

Серік Жорабековтың "Түркістан" сериясы
Серік Жорабековтың «Түркістан» сериясы

Серік Жорабеков, суретші: «Менің ойымда бір-ақ нәрсе бар. Төрт қақпалы Түркістан қазақтың рухани астанасы. Бүкіл бабамыздың рухы сонда жатыр. Менің кіндік қаным тамған жер. Сондықтан мен Түркістанды жырлай беремін.»

Осы автордың "Түркістан" сериясы

 "Түркістан" сериясы

Роза Кәдеева, көрермен: «Тау-тас пен табиғатты тамашалап, орманда жүргендей әсер алдық.»

Гауһар Тәжібекова, көрермен: «Өте керемет. Бояулардың бір-бірімен үндесуі көздің жауын алады. Шығарма алдында тұра бергің келеді.» 

"Түркістан" сериясы
«Түркістан» сериясы
"Түркістан" сериясы
«Түркістан» сериясы

Қос автор орта және жоғарғы оқу орындарында бір топта оқыған. Өнерін ұстаздықпен ұштастырған қылқалам иелері «Мәңгілік ел» ұғымында өнердің де үлесі де аудай қажет. Сондықтан тамаша табиғатты қылқаламмен жеткізуде біз үшін парыз» дейді.

Серік Жорабековтың Постипрессионистік "Дала" шығармасы
Серік Жорабековтың «Дала» шығармасы
Осы автордың "Тәуке ханның жеті жарғысы" атты шығармасы
«Тәуке ханның жеті жарғысы»
Серік Жорабековтың "Жол" атты шығармасы
«Жол»
Сұлтан Жаңбыршиевтың "Машат" атты туындысы
«Машат»
Сұлтан Жаңбыршиевтың "Бүркөлік" атты туындысы
«Біркөлік»
"Қасқа су" шығармасы
«Қасқасу»
"Күз" шығармасы
«Күз» 
"Қыс" туындысы
«Қыс»
"Қос тұра тауы" шығармасы
«Қос тұра тауы»

Айта кету керек,  Сұлтан Жаңбыршиев өз шығармашылығын өнерсүйер қауымғаалғаш рет ұсынып отыр. Суретші жақын күндері бояуы кеппеген басқа да туындыларын Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Жетіасар» галереясына да тарту етпек. Ал көркемсурет галереясындағы «Туған өлке бояулары» көрмесі ақпан айында жұмыс істейді.