Úı ANONS «Sairam Thermal Resort»: Іскерлік басқосу мен жайлы демалыс

«Sairam Thermal Resort»: Іскерлік басқосу мен жайлы демалыс

Спикерлер мен қонақтарды тәнті ететін ауқымды форум немесе бизнес-кездесуді қайда өткізген жөн? Озық технология мен мінсіз қызмет үйлескен орынды табу — оңай шаруа емес. Бүгінде ірі компаниялар бұл түйткілдің шешімін «Sairam Thermal Resort» шипажайынан тауып жүр.

 

«Sairam Thermal Resort» конференц-залы — іскерлік шараларды жоғары деңгейде өткізуге арналған таптырмас орын. 180 қонақты еркін сыйдыратын шипажай соңғы үлгідегі техникамен, соның ішінде озық интерактивті панельдермен және барынша ыңғайлы эргономикалық креслолармен жабдықталған. Сондықтан бұл кешеннің еліміздегі іскерлік туризмнің негізгі орталығына айналғаны таңғаларлық емес.

МЕДЕТ МАНКЕЕВ, «SAIRAM THERMAL RESORT» ШИПАЖАЙЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ: «Осы жылдар ішінде шипажай өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Қазір еліміздегі 30-дан астам ірі ұйыммен тығыз жұмыс істейміз. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен және шет елдерден 50 мыңға жуық қонақ қабылдадық. Біздің басты мақсатымыз — жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, демалу мен сауығуға жайлы жағдай жасау. Сондай-ақ әрбір қонаққа ерекше ықылас танытып, сапалы қызмет ұсыну».

 

Шипажайдың жоғары мәртебесін жыл сайын осы саланың білікті сарапшылары да растап келеді. Солардың бірі — Алмаз Амалбеков іскерлік шаралар өткізуге арналған орынның қандай болуы керектігін бес саусағындай біледі. Оның еліміздегі ең ірі ұлттық компанияларға тренингтер ұйымдастырып келе жатқанына 15 жылдан асты. Сондықтан болар, тәжірибелі маман осымен бесінші рет дәл осы кешенге тоқталған. Ал мұндай тұрақты серіктестер үшін бұл жерде арнайы бонустар жүйесі қарастырылған.

 

АЛМАЗ АМАЛБЕКОВ, БИЗНЕС-ТРЕНЕР, ПРОДЮСЕР: «Бұл кешеннің қонақтарға көрсететін қызметі жоғары деңгейде. Бөлмелері жайлы, орналасқан жері өте қолайлы, тағамдары да өте дәмді. Бірақ мен үшін ең маңыздысы — заманауи конференц-залы. Сондықтан «Sairam Thermal Resort» алаңын таңдауға кеңес беремін».

 

Нәтижелі жүздесулерден кейін спикерлер мен қатысушылар термалды бассейндерде тынығып, спа-процедуралар қабылдай алады. Сондай-ақ жайлы бөлмелерде тынығып, күш-қуат жинауға жағдай жасалған. Бұл жерде бизнес-жоспарларды талқылап қана қоймай, денсаулықты да оңалтуға мүмкіндік бар. Яғни, емдік әсері бар термалды минералды судың пайдасын көруге болады.

 

ДИНА МҰХАМЕДЖАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жұбайым екеуміз Петропавлдан арнайы келдік. Мұнда бізге бәрі ұнады: ауасы таза, ауылдық жер болғандықтан өте тыныш екен. Аспаздарының тағамдары дәмді, мәзірі де сан алуан. Емдік шаралардың түрі де өте көп екен».

«Sairam Thermal Resort» есігі қонақтар үшін әрдайым ашық. Алдын ала тапсырып бойынша сұрақтар болса, экрандағы телефон нөмірлеріне хабарласуға болады. Бұл сауықтыру орталығы табысты бизнес пен жайлы демалысты бір арнаға тоғыстыруға болатынын дәлелдеп келеді.

 

Байланыс үшін: +7707 470 73 33

ЛИЦЕНЗИЯ №21000041 ҚР ДСМ 04.0621 ж. берілген

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Аксукент а/о, Бәйтерек ауылы, Балдырған көшесі, 30