Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы түлектерін түлетті. Арнайы бастауыш курсын тәмамдағанын куәландыратын сертификат 157 болашақ тәртіп сақшыларына табысталды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7FkN9ePO8FQ[/youtube]
Олар 2 ай бойы заңгерлік білімін арттырып, құқықбұзушылық пен қылмыстың орын алуын және оны ашуды меңгерді. Бұған қоса суық қаруды қолдану мен оқиға орнында қылмыскерден жасырыну жолын үйренді. Енді еліміздің әр аумақтарында құқық қорғау органдарында офицер шенімен қызмет ететін қыздар мен жігіттерді құттықтауға Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Асқар Оспанов арнайы келді.
Асқар Оспанов, ОҚО ІІД басшысы: «Ішкі істер органдарының офицерлеріне қоғамдағы қауіпсіздікті қадағалау тапсырмасы жүктелген. Сіздер бұл қызметті үлкен жауапкершілікпен, абыроймен, адал атқарып, еліміздің гүлденуіне үлестеріңізді қосады деп үлкен сенім артамын.»
Айта кетейік, қаламыздағы Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында офицер және сержант даярлайтын арнайы курс өз жұмысын 2011 жылдан бастаған. Әр жылы мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген маман келіп, қызметке орналасуда үлкен маңызға ие болатын сауатын арттырады.