Республика даңғылының бойында жерасты өткелі салынып жатқаны белгілі. Осы құрылыс жұмыстарына байланысты осы аумақты таза ауызсумен қамтитын құбырды ауыстыру қажеттілігі туындап отыр.
Осыған байланысты бүгін, 3-шілде күні түнгі сағат 00-00-ден таңға дейін Республика даңғылының кейбір жерлері мен 7-орам, Громов, Гагарин көшелерінде қысқа уақытқа судың берілуі тоқтайды.