«Жасыл ел» жасағы жұмысын бастады

613

Оңтүстікте «Жасыл ел» жасағы жұмысын бастады. Қала аумағындағы саябақтар мен қоғамдық орындарды көгалдындырып, гүлдендіру үшін бүгінде 208 студент жұмылдырылып отыр.

Бексұлтан Тұтқабай
Бексұлтан Тұтқабай

Бексұлтан Тұтқабай биыл алғаш рет жасыл елдің жасағына енген. Ол таңғы сағат 9-00-ден бастап, кешкі сағат 17-00-ге дейін қала аумағын көріктендіріп, көгалдандыру үшін тер төгеді. Бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де ветеринарлық медицина саласын меңгеріп жүрген студент жасыл елдің сарбазы атанғанын мәртебе санайды.

Бексұлтан Тұтқабай, студент: «Қазір жаңа саябақта еңбек етудеміз. Мына гүлдердің арасындағы арамшөптерді жұлып, гүлдерді суарып, абаттандыру да бізге жүктелген. Арық-атыздарды да тазалаймыз. Бұл шаруаға өз еркіммен, яғни, өз қалауыммен келдім. Жазғы демалысымды мен осында өткіземін. Алдағы 2 ай бойына «Жасыл елде» жұмыс істеп, оқуға қажетті киім-кешегімді аламын.»

Ел аумағында «Жасыл ел» жасағы алғаш рет 2005 жылы қолға алынған. Сол уақыттан бері бағдарлама жазғы уақытта жастардың демалысын тиімді өткізіп, қосымша қаржы табуын қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде жасақта еңбек еткен жастолқынға 36800 теңге жалақы төленеді. Оның 18 400 теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, қалған еңбекақысы мердігер компаниялар тарапынан төленеді.

Бауыржан Ахметов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы: «Биылғы «Жасыл ел» бағдарламасында өзгерістер бар. Мәселен, шаруа кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Анығырақ айтсам, бізге, Оңтүстік Қазақстан облысына республикалық штабтан 857 адам бөлінді. Қазіргі таңда 208 жас жұмыс атқаруда. Оның 50-і Шымкент қаласында, қалған 158-і аудандарда жүр.»

Биыл "Жасыл ел" жасағында 800 жас еңбек етеді
Биыл «Жасыл ел» жасағында 857 жас еңбек етеді
Жасақтағы жастар 36 800 теңге жалақы алады
Жасақтағы жастар 36 800 теңге жалақы алады
Студенттер қаланы абаттандыру үшін күніне  8 сағат жұмыс жасайды
Студенттер қаланы абаттандыру үшін күніне 8 сағат жұмыс жасайды

Студенттер Арыс, Ордабасы, Мақтаарал, Кентау аудандарына аттанды. Енді сол 857 адам қыркүйек айына дейін уақытпен бөлініп, кезекпен жұмыс жасайтын болады.