Баланы қайда жібереміз?

244

Жаз келді. Баланың демалысын қайтеміз? Бұл сауал баласы жазғы демалысқа шыққан әр ата-ананы мазалайды. Сәйкесінше, бала да мектептен босайтын үш ай жазын қызықты етіп өткенін қалайды. Дегенмен, күйбелең тіршілікпен жүретін ата-ананың бұған қолы тимейді немесе мүмкіндігі бола бермейді. Салдарынан бала үйге сыймай, дала кезіп кетеді. Ал оның салдыр көп жағдайда жақсылықпен аяқталмайтыны белгілі. Сондықтан да балалардың жазғы демалысына мейлінше көңіл бөлу керек. Ендеше, біздің сізге көмек бергіміз бар, ата-ана. Балаңыздың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізетін тегін үйірмелердің тізімін ұсынамыз. Арасынан перзентіңізге ыңғайлысын тауып алыңыз.

Оқушылар сарайында жазғы кезеңде тегін жұмыс істейтін үйірмелер
– Сымбат
– Акварелька
– «Он саусақ» қолөнер
– «Алтын ғасыр»
– Ән-домбыра
– «Мега» компьютер класы
– «Ұлттық бұйымдар»
– Алтын ілмек
– Сұңғат
– «Күй-сандық» домбыра
– «Шабыт» театры
– «Балдәурен» вокалды тобы
– Жас натуралист
– Картинг

Балалардың бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізу үшін «Оқушылар сарайына» қарасты аулу клубтары да өз жұмысын істеуде.

АУЛА КЛУБТАРЫ:

«Алпамыс» а/к – «Қолөнер», «Жас биолог», «Ағылшын тілі»
«Жастық» а/к – «СӨС», «Ағылшын тілі», «Компьютер», «Жас талант», «Дойбы»
«Сенім» а/к – «Өнер»
«Денсаулық» а/к – «Асық ойындары»

Қалалық білім басқармасының мамандары оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізуі үшін мектеп жанынан алаңшалар ашылғанын хабарлады. Бұдан бөлек балалар мәдени-танымдық экскурсиялар мен іс-шараларға, клубтар мен үйірмелерге тартылады. Сондай-ақ, оқушылар үшін аула клубтары, спорттық секциялар да жұмыс істейді.
Сонымен қатар, қалада 12 спорт мектебі бар. Сонда спорттың 44 түрінен ақысыз секция жұмыс істейді. Сондықтан да балаңыздың жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып, спортқа баулуға болады.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ

«Оңтүстік Рабат», №23, 5 маусым 2019 ж