Азия ойындарына қазақстандық бадминтоншылар бармайды

412

Оңтүстік Ккореяда өтетін Азия ойындарында қазақстандық бадминтоншылар ептілігін сынға сала алмайды. Отандық теннисшілер әлемнің үздік 50 спортшысының қатарына кірсе де еліміздің мәдениет және спорт министрлігі бадминтоншыларды құрлық жарысына бармайды деп шешкен. Байрақты жарысқа Оңтүстіктің спортшысы Вероника Сорокина да дайындалып жүрген болатын.

Вероника Сорокина азия ойындарына биыл қатыспайды, фото kazbadfed.ucoz.com сайтынан
Вероника Сорокина азия ойындарына биыл қатыспайды. Фото kazbadfed.ucoz.com сайтынан

Вероника Сорокина, бадминтоннан ОҚО бапкері: «Өкінішке орай, жарысқа бармаймыз деген мәселе республика деңгейінде шешілді. Оның үстіне жүлделі орыннан көрінетінімізге кепілдік жоқ болды. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Әр жарыс алдында осындай тұжырым жасайтын болса, онда Олимпиадаға да барудың қажеті жоқ қой. Әлде бірден-ақ чемпион болады ма екен?»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YmiFTz8PG5o[/youtube]

Мәдениет және спорт министрлігі бадминтоншыларды Азия ойындарына қаржыландырудан бас тартқан. Облыстық теннис мектебі өз қаражатына баруды жөн санағанымен, шинеуніктер жерлестеріміздің жеңісіне сене қоймаған. Енді жерлестеріміз жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындалуда. Жарыс қыркүйектің 15-іне Шымкентте өтеді.