үйлер қыркүйектен бастап беріледі

Бұйыртса, биыл Шымкентте қоныс тойы көп болады. «Нұрсәт» шағынауданында жетім балалар мен мемлекеттік қызметкерлерге және жас отбасыларға арналған 11 үй бой көтеруде. Айта кетейік, көпқабатты үйлер «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында салынып жатыр.

үйлер қыркүйектен бастап беріледі
Үйлер қыркүйектен бастап қолданысқа беріледі

Шағынаудандағы тоғыз қабатты қос үй — жетім балаларға тиесілі. Бұйыртса, қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 144 бала осында келіп жайғасады. Жоспары әртүрлі болғанымен, пәтерлер көлемі бірдей. Мердігерлер үшін пәтердің әр шаршы метрінің құны 99 мың теңгеге түсіп отыр.

Жыл аяғына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан 11 үй пайдалануға беріледі. 63 пәтерлі 5 қабатты үйде мемлекеттік қызметкерлер тұрады, күмбезді баспаналарға жас отбасылар қоныстанады. Тұрғын үй-жинақ банкінің салымшылары да осы пәтерлерден үмітті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LQXYRO6tmUs[/youtube]

Айта кетейік, жыл басынан бері «Нұрсәт» шағынауданында «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында 46 үйдің құрылысы басталған болатын. Дайын болған үйлер мемлекет меншігіне өтіп болған соң ғана пәтер иелерінің тізімі анықталатын болады. Бағдарламаға қатысушылар пәтерлерін 5 жылдан кейін ғана жекешелендіре алады. Бұл аралықта пәтер иелері баспана құнын толықтай төлеп болуы тиіс.