30 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер декларация тапсырмаған

46
Мемлекеттік қызметкерлер

30 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер декларация тапсырмаған. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы табысы мен жеке мүлкі жайында есеп беруге асықпаған қызметкерлерге жаппай ескерту жолданғанын жеткізді.

Данияр Жанәліновтің айтуынша биыл мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсыруы керек болған. Оған сай 570 мыңға жуық адам табысы мен мүлкі жайында есеп берді.

Бірақ жыл аяқталып қалса да 30 мыңдай қызметкер бар дүние-мүлкін жариялауға асығар емес. Егер олар ескертуге құлақ аспаса, 61 мың теңге айыппұл төлейді.