23 маусым – мемлекеттік қызметкерлер күні

36

23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Қазір Шымкент әкімдігінде еңбек ететін 800-ге жуық қызметкер мерекелерін жұмыс орнында өткізуде. Олардың қатарында кәсіби мансабын ең төменгі қызметтен бастап бүгінде жоғары лауазымға ие болғандар да бар.

Шымкент әкімдігі – үшінші мегаполистегі өзекті мәселелердің шешімін табатын мекеме. Мұнда жергілікті тұрғындар жауаптыларға арыз-шағым қалдырудан бөлек жеке басына қатысты жағдайларды реттеп беруін сұрайды. Сондықтан болар аудан әкімдері көбіне сынның астында қалып жатады.

Досбол Есілбек, Еңбекші ауданының әкімі: «Оңай жұмыс жоқ қой, әр адамда мемлекеттік қызмет деген ыстығы мен суығы, қызықшылығы аралас мекеме. Бірақ бір нәрсе халыққа қызмет етемін деп келу керек деп ойлаймын. Барлық нәрсені қарасаң мәселен ол негатив болсын, жақсы болсын шешу жолдарымен қарайтын болсақ. Барлық нәрсені шешуге болады. Негатив болсын басқасы болсын. Енді пенде болған соң әр түрлі кемшілік болады».

Мемлекет басшысы президенттік лауазым, тек халық пен өзінің ар-ожданы үшін ғана емес, ең алдымен тарих үшін де үлкен жауапкерлшілік екенін атап өткен. Яғни, президенттік қызметті – белгілі бір мерзімге халықпен келісімшартқа отырған жалдамалы менеджерге теңеген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды. Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым».

Ал Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, екі тарап үшін пайдалы болатын диалогқа әрқашан ашық екенін жеткізді.

Рашид Мыңбаев,  Әл-Фараби ауданының әкімі: «Мемлекеттік қызметкер мемлекет пен халықтың арасындағы байланыстырушы буын, мемлекеттік қызметкер бұл моралдық этикалық жоғары білімі өте жоғары және білімін мына практикада қолдана білетін адал қызметкер. Бірінші мемлекеттік қызметкерлер бұл қызметке бару үшін патриот болуы керек, өз ісін сүйетін фанат болуы керек, яғни, жан тәнін беріп адал қызмет етіп, халықтың үдесінен шыға білетін, күн демей түн демей сағатпен санаспайтын қызметкер» .

Мемлекеттік қызметкерлер кәсібилік, патриотизм, адалдық пен өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын нағыз маман болуға тиіс. Бәлкім сол кезде бұл сала мамандарының беделі әрдайым асқақтап тұрады.