Кеңес Одағы батырының шапаны – «Ерлік» мұражайында

971
Тоғамбай Қауынбаевтың өңір басшысына сыйлаған шапаны

Ұлы Отан соғысының ардагері Тоғанбай Қауынбаевтың облыс әкіміне сыйлаған тартуы «Ерлік» мұражайының төрінен орын алды. Небәрі 20 жасында Кеңес Одағының батыры атағын алған ардагер өмірден өтер шағында өңір басшысына құнды дүниесін сыйлап үлгерді.

"Ерлік" мұражайы
«Ерлік» мұражайы
Тоғамбай Қауынбаевтың өңір басшысына сыйлаған шапаны
Тоғамбай Қауынбаевтың өңір басшысына сыйлаған шапаны

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ұлы жеңістің 69 жыл толуына орай алған тартуының бағасын біліп, оны үйіне апарған жоқ. «Ерлік» мұражайына жайғастырды. Кеңес Одағының батыры Тоғамбай Қауынбаев қазақтың ою-өрнегімен әспеттелген ұлттық шапанды көзі тірісінде өңір басшысына үлкен құрметпен сыйлады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pqMu5sk7w14[/youtube]

Ләззат Оразәлиева, «Ерлік» мұражайының таныстырушысы: «Батырдың шапанын біз ерекше күтіммен сақтаймыз. Жарық түспейтін, көлеңке жерде, арнайы әйнектің ішінде жайғастырдық. Сол қалпын жоғалтпас үшін арнайы дәрілерді де қолданамыз. Ең бастысы, құрғақ жерде, 18 градус температурада сақталуын қадағалап отырамыз.»

Шәрбану Қауынбаева
Шәрбану Қауынбаева

Тоғамбай Қауынбаетың жары Шәрбану әжей ардагердің әкімге жасаған тартуы бүгінде мұражайдың құнды жәдігеріне айналғанына қуанып отыр. Сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның айтуынша, батыр майдан алаңында жауына қаталдық танытқанымен, өмірде жаны мейірімге тұнған адам болды. Тек облыс әкімініне ғана емес, үйге келген қонақтарды сый жасамай шығарып салмайтын. Мәрттігі мен жомарттығы батырдың бойындағы қасиеттерін айшықтаған.

Шәрбану Қауынбаева:»Тоғамбай сыйлық жасап, өзгені қуантқанды жақсы көретін. Ешқашан ешкімге қатты сөйлеп, көңілін қалдырған емес. Үйге келген адамдарды да құр қол қайтармайтын. Мені шақырып, сый-тарту әзірле, ұят болады дегенді жиі айтып отыратын. Әйел адамы болған соң, тез арада амалын тауып, тарту әзірлейтінмін. Оны көрген Тоғамбай мәз-мейрам болып, қонақты мәре-сәре болып, күтіп-шығарып салатын. Үйдегі перзенттеріне де дауыс көтермеді, жаны мейірімділікке толы еді. Ал енді облыс әкіміне сыйлаған шапанның «Ерлік» мұражайына қойылғанын мен де құп көремін. Себебі оны көрген өскелең ұрпақ, Тоғанбай Қауынбаев деген батырдың ерлігін ешқашан ұмытпайды деп сенемін.»

Тоғамбай Қауынбаев
Тоғанбай Қауынбаев

Тоғамбай Қауынбаев 1942 жылы небәрі 18 жасында Ұлы Отан соғысына аттанған. 1943 жылы Днепр жағалауында бір топ жауды жоюға қатысты. Осы жылы 30-қазан күні немістерді ойсырата жеңген. 20 жасында кеудесіне «Алтын жұлдыз» медалін таққан. Аты аңызға айналған генерал Сабыр Рахымовтың адъютанты қызметін де абыроймен атқарған. 1946 жылы майдан алаңынан аман оралған ол халық щаруашылығы, заң саласында жұмыс жасайды. Араға аз-кем уақыт салып, шаңырақ көтереді. 4 қыз, 1 баланың асқар таудай әкесі атанады. Кеңес Одағының батыры 2014 жылы 11-шілде күні 92-ге қараған шағында өмірден өтті.