Ардагер аналар құрметке бөленді

531

Өңіріміздегі «Ерлік» мұражайы ерлікті насихаттауды жалғастырып жатыр. Ұжым ардагер аналар мен олардың туыстарын шақырып, құрмет шарасын өткізді. «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты кешке келген көпшілік соцалистік еңбек ерлері мен ауған соғысының ардагерлері сапынан табылған нәзік жандылардың естеліктерін тыңдап, ондағы уақиғаларға қанықты.

Мұндағы құрмет кешінде ақ тілектер мен алғыс ағылып, аналарға шоқ-шоқ гүл берілді. Барлығы да ауған соғысының ардагерлері мен социалистік еңбек ерлері сапынан табылған нәзік жандылар үшін арналды.

Халима Хайрова
Халима Хайрова

Халима Хайрова – ауған соғысының ардагері. Майдан алаңында 3 жыл 6 ай бойы жауға қарсы беттеп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер ондағы уақиғалар мен ауыр ахуалды жадынан шығарған емес. Соғыс жылдарында суық қарумен қатар, жауапкершілік жүгі ауыр құпия хаттарды теруші жұмысын атқарған.

Халима Хайрова, ауған соғысының ардагері: «Көз алдымда ұшаққа отырып, санаулы минуттардан соң техниканың күлі көкке ұшқан кездерді де көрдім. Қаншама адам, жауынгерлер жер құшты, оққа ұшты. Қазір қаруластарым мен достарымды еске алсам, көзіме еріксіз жас келеді. Олардың бауырмалдығы мен құрметі, елге деген сүйіспеншілігін ұмытпаймын. Қазір менің ғана емес, өзге де жауынгерлердің ерен ерлігі ұмыт қалмай, насихатталуы үшін үлесімді қосуға тырысып жүрмін.»

Өңіріміздегі «Ерлік» мұражайы дәл осындай ерең ерлікті насихаттауды жалғастырып жатыр, еске алу кештерді қосапағанда, мәдени ошақ жыл сайын 300-ге тарта ардагерлерге тиесілі жәдігермен толығады.

Ақмарал Құдайбергенова, «Ерлік» мұражайының меңгерушісі: «Қазір мұражайда 3000-нан астам жәдігер бар. Оларды жинақтау үшін біздің мамандарымыз айлап аудан-ауылдарды аралайды. Ізденеді. Зерттейді, одан кейін ғана біздің қорға енеді».

Айта өтетін ақпар, батырлықты ұлықтап жүрген «Ерлік» мұржайы осыдан 4 жыл бұрын ашылды. Бүгінде онда ҰОС, ауған соғысының жауынгерлері мен соцалистік еңбек ерлерінің жәдігер-айғақтары сақталып жатыр.