Құс саңғырығын да қажетке жаратауға болады. Биоэнергетикалық қондырғы «Шымкент құс» ЖШС-де сынақтан өткізілді .Технологиялық үдеріске түскен құс саңғырығынан биологиялық тыңайтқыш алуға болады.
Биоэнергетикалық кондырғы арқылы кәдімгі құс қиынан күніне 70 тонна экологиялық таза тыңайтқыш шығаруға болады. Қалдықтар алдымен 500 градуста қайнатылады. Өңделген саңғырықтар кептіріліп ауылшаруашылығында әжетке жарайтын болады.
400 мың мекиен тауығы бар құс фабрикасы тәулігіне 80 тоннаға дейін саңғырық шығарады. Тың технологияда өңделген қалдықтар әмбебап тыңайтқыш ретінде ұсынылып отыр. Мамандар қоректік заттарға бай бұл органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштардан артық болмаса, кем түспейді дейді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PgmLk65xsN8[/youtube]
Тыңайтқыш зауыты 28 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт басшылығы өндіріс қуатын арттырған соң жеке шаруашылықтармен келісім-шарт аясында жұмыс істеуді бастайды.