Биыл тыңайтқышқа берілетін субсидия қысқармайды

314
Асылжан Мамытбеков

Биыл тыңайтқыш, гирбицид, тұқымға берілетін субсидиялар қысқармайды. Керісінше, бұл мақсатқа қаралатын қаражат қомақты болады.

Асылжан МамытбековТіпті, шаруалардың бұл жеңілдікке қол жеткізуі де оңтайландырылып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

Биыл өңірде қыс жылы болды. Көктем ерте келеді деп болжайды синоптиктер. Сондықтан өнімділікті дұрыстап алу үшін тыңайтқышты беретін кез осы дейді жер емген дихандар. Ал жауаптылар минералды тыңайтқыштарды үлестіруде ешқандай кедергі жоқ деп сендіреді. Айтуыларынша, тыңайтқыш шығаратын зауыттың 20 мың тоннадай өнімі қазір диқандарға жақын қоймаларда, бірнеше ауданда сақтаулы тұр.