Шымкенттік жас ғалым бірегей тыңайтқыш жасап шығарды

Бақыт Смайлов 3 жылға жуық уақыттан бері ауылшаруашылығындағы өндірістік қалдықтарды өңдеу тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізіп келеді. Негізгі мақсаты – қалдықтардың тек өңдеп қана қоймай, оның құрамындағы бағалы компоненттерді бөліп алып, кәдеге жарату. Сөзінше, бірнеше компоненттерді бөліп алып, ауылшаруашылығы өнімдерін өсіру кезінде, өнімділік пайызын арттыруға болады.

Жас ғалым бүгінге дейін топырақтың құнарлылығын арттыру үшін арнайы тыңайтқыштар да жасап шығарған. Бақыт Смайлов зерттеудегі тақырыбына байланысты көптеген жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып үлгерген. Қазіргі негізгі еңбегі болып есептелетін «гуматқұрамдас тыңайтқышқа» 2 жыл ішінде қол жеткізсе, бүгінде оның модификацияланған түрлерін алуға жұмыс жасап жатыр.

Бақыт Смайлов, М. Әуезов атындағы ОҚУ ҒЗЗ меңгерушісі: «Міне, гуматқұрамдас тыңайтқышы сұйық күйінде – мұны қолдану барысында , өсімдіктердің өніміділігін арттыру барысында септігін тигізеді және топырақтың құнарлылығын арттырып, оны қалпына келтіруіне көмегін тигізеді. Осы жұмыс нәтижесінде ҚР Әділет министрлігінің жеке интеллектуалдық меншік ретінде патенттелген».

Айта кетейік, 12 сәуір – Қазақстанда ғылыми қызметкерлер күні атап өтіледі. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.