Мақтаны химиялық тыңайтқышсыз егу жобасы қолға алынды

31
Мақта

Түркістан облысында мақтаны химиялық тыңайтқыштарсыз егу жобасы қолға алынды. Өңірдегі агроөнеркәсіп саласын дамытуға арналған бастаманы облыстық Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырды.

Мамандар Ордабасы ауданындағы мақта шаруашылығында өткен семинарда диқандарға жаңа жобаның ерекшелігін таныстырды. Пилоттық жоба Төрткүл ауылындағы шаруашылының егіс алқабында іске асырылып отыр. Тәжірибе ретінде 60 гектар аумаққа мақтаның түркиялық сорты егілген.

«Жер емем десең, жерге жақ» демекші, бұл жолы мамандар тұқымға емес, жерге мән бергендерін айтады. Мүлде химиялық тыңайтқыш қолданбаған. Есесіне, агротехникалық жұмыстарды жүйелеп, топырақты емдейтін органикалық минералдар берген.

Нәтижесінде, мақтаның бір түбі 70-80 қауашақ байлап, өнімділік 2-3 есеге артқан. Диқан осы уақытқа дейін мақта алқабына үш рет органикалық тыңайтқыш сепкен. Оған бар болғаны 20 мың теңге жұмсаған. Ал бұрын целитраның тоннасын 180 мың теңгеден сатып алатын.