Ардагерлер марапатталды

Шымкентте қарттар күнін атап өту жалғасып жатыр. Абай ауданы әкмідігі тыл және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлері арнайы шақырып, ақ дастархан жайып, мерекемен құттықтады. Бұған қоса айтулы датада әкімдік тарапы әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедек қарияларға материалдық жағынан көмек көрсету ұмыт қалмады.

Ардагерлер марапатталды

Кеш кейіпкерлеріне арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Марапаттау шарасы мерекелік концертке ұласты. Айта кетейік, Абай ауданында төрт мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 49-ы – соғыс ардагері, ал 2341-і – тыл еңбеккері. Ал 1200-ден астам қарт еңбек ардагері ретінде тіркелген.

ақ дастархан жайылды

Тұрдалы Ұсманов, еңбек ардагері: «Әрдайым аспанымыз ашық болып, еліміз тыныш болсын! Бүгінгі мерекеде құрметке бөленіп жатырмыз. Рахмет! Бала-шағамыз бен немерелеріміздің қызығын көріп, осылай ақ дастархан мен тойларды көрейік! Өскелең ұрпаққа еңбекқор болыңдар деймін, сонда ғана еліміздің ертеңі баянды болады.»