Келес ауданының қариялары Түркістанды тамашалады

238

Келес ауданының 20-дан астам ардагері Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға арнайы сапармен келді. Ондағы мақсат жаңа шаһарды тамашалап, киелі жерлерге зиярат жасау. Түрленген Түркістанды қөрген қариялар аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесіне алғысын білдірді.

Баубек Жақыпбеков, Келес аудананың тұрғыны: «Біздің келгендегі мақсат – Түркістанды көру. Бүкіл түрік дүниесінің орталығын көру. Осыны ұйымдастырған аудан басшылығына алғысымызды айтамыз».

Түркістан облысында орналасқан Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Әзірет Сұлтан қорық-музейін тамашалаған қариялар ендігі біздің мақсат осы киелі мекеннің тарихын ұрпаққа жеткізу дейді.

Тасқара Мейірбеков, Келес ауданының тұрғыны: «Қала гүлденіп жатқанын ел-жұртқа айту мақсатында келіп отырмыз. Біздің келуімізге аудан әкімі ардагерлер кеңесі барлық жағдайды жасаған. Жеңіл көлік, демалыс орны».