Облыс әкімі қарияларды мерекелерімен құттықтады

364
ардагерлер ардақталды

Қарттар күні қарсаңында қариялар құрметке бөленіп жатыр. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов еңбек және тыл ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Қазыналы кісілердің елдің гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, ақ тілегін айтты. Асқар Исабекұлы қариялар үшін алдағы күндері қосымша қаралатын көмек-қолдаудың көп екенін қуана жеткізді.

ардагерлер ардақталды

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Елге еңбек етіп, талай қиындықтарды бастан өткерген ардагерлерге бас иемін! Мерекелеріңіз құтты болсын! Қарттар күні — олардың ғана емес, баршамыз бірге үлкен құрметпен тойлайтын дата! Сондықтан, қымбатты жамағат, баршаңызға денсаулық тілеймін! Елдің гүлденуі мен дамуы үшін баршамыз бір кісідей атсалысайық!»

Орынбасар Әбдірайымов, тыл ардагері: «Қазір үлкен қуанышты сезімді бастан өткерудемін. Облыс әкімі мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы қолымды алып, мерекемен құттықтады. Гүл шоқтарын берді. Бұдан артық қандай құрмет болсын?! Жасым қазір 81-де. 50 жылдай қызмет еттім. Зейнетке шыққаннан кейін де 12 жыл Әл Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс жасадым.  Құдайға шүкір, 3 қыз, 3 балам бар, барлығы институтты бітірген, барлығы қызметке орналасып, адал нандарын тауып жүр.»

Марапаттау шарасы мерекелік концертке ұласты. Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 201 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың 500-і  -соғыс ардагері, 24 мыңға жуығы — тыл еңбеккерері, 155 мыңнан астамы — көп балалы аналар. Ал 2423-ін жалғызілікті қариялар құрайды. Сондай-ақ, 106 244 мүгедек есепке алынған.