Бүгін облысымыздың құрметті азаматы Дүйсенкүл Боповаға арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Оған марқұмның туған-туыстары, ақын-жазушылар мен көзін көргендер қатысты.

IMG_5510

Ескерткіш тақтаны облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен еңбек және тыл ардегері Әбдуәлі Жақсыбаев ашты.

IMG_5528

Жиналғандар Дүйсенкүл апаның қызмет еткен еңбек жолына тоқталып, оның қайраткерлігі мен адамгершілігі  туралы тебірене сөз сөйледі.

IMG_5535

Айта кетейік, Дүйсенкүл Бопова 1965-69 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінде партия ұйымдастыру бөлім меңгерушісінің орынбасары, ал 1969-79 жылдары Обкомның ғылым және оқу орындары бөлім меңгерушісі болған. Ал 1979-1989 жылдары Облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасының мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет істеген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=of_8O86dl9s[/youtube]

IMG_5534

1971 жылы «Құрмет белгісі», 1980 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

IMG_5538

Бар ғұмырын еліміздің өсіп-өркендеуіне мен дамуына арнаған абзал жанның есімі ұмытылмайды. Өмірі жастарға өнеге болып қалады.