Бүгін облысымыздың құрметті азаматы Дүйсенкүл Боповаға арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Оған марқұмның туған-туыстары, ақын-жазушылар мен көзін көргендер қатысты.
Ескерткіш тақтаны облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен еңбек және тыл ардегері Әбдуәлі Жақсыбаев ашты.
Жиналғандар Дүйсенкүл апаның қызмет еткен еңбек жолына тоқталып, оның қайраткерлігі мен адамгершілігі туралы тебірене сөз сөйледі.
Айта кетейік, Дүйсенкүл Бопова 1965-69 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінде партия ұйымдастыру бөлім меңгерушісінің орынбасары, ал 1969-79 жылдары Обкомның ғылым және оқу орындары бөлім меңгерушісі болған. Ал 1979-1989 жылдары Облыстық Кеңес атқару комитетінің төрағасының мәдениет және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет істеген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=of_8O86dl9s[/youtube]
1971 жылы «Құрмет белгісі», 1980 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Бар ғұмырын еліміздің өсіп-өркендеуіне мен дамуына арнаған абзал жанның есімі ұмытылмайды. Өмірі жастарға өнеге болып қалады.