Облыс әкімі Астанада брифинг берді

404
Асқар Мырзахметов

Шымкент тұрғындарының саны 3 жылда миллионға жетедi. Бұл туралы Қазақстан Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке облыс әкiмi Асқар Мырзахметов мәлiмдедi. Өңір басшысының айтуынша, Шымкент қаласының бас жоспары бекiтiлген, одан бөлек Елбасы тапсырмасы бойынша Шымкентте жаңа iскерлiк орталықтың құрылысы қарқынды жүргiзіліп жатыр. Алдағы айларда мұнда бiрнеше нысан ашылмақ.

Асқар Мырзахметов
Асқар Мырзахметов

Бұдан бөлек жиында облыста «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 12,5 миллиард теңгенің жобасы уақтылы орындалмағаны айтылды. Әкім тілшілердің сауалына бұған республикалық бюджеттен дер кезінде қаржыландырылмау себеп екенін айтып, жауап берді. Соның салдарынан халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету 3-7 жылға кешіктірілген. Өңір басшысы басқосуда ауызсудың кешеуілдеп беріліп, бағдарламаның жүзеге асуын тежегендерге қатаң шара қолданатынын жеткізді.

Әкімнің айтуынша, әлеуметтiк нысандармен қамтамасыз ету жайы да басты мәселе ретінде қаралады. Мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандарының санын талапқа сәйкестендіру де жоспарға алынған. Жиында әкім жыл соңына дейiн облысымызда «Индустрияландыру картасы» бойынша тағы да 31 жоба iске қосылатынын жариялады.

Асқар Исабекұлының айтуынша, «Индустрияландыру картасына» 223 жоба енгiзiлген. Жобаның жалпы құны — 1,2 трлн. теңгені құрап отыр. Бұл — республикадағы картаға енген жобалардың төрттен бiрi.

«Бүгiнгi таңда жоба іске қосылып, 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Сол жобалардың 65% — ауылдық жерлерде. Биылғы жылы 10 айда 10 жоба іске қосылды. Жыл аяғына дейiн, алдымыздағы желтоқсан айында 31 кәсiпорын тағы да ашылғалы отыр» деді облыс басшысы.