Қала басшылығы жылудың борышын тез арада төлеуді сұранады

252
фото://content.izvestia.ru

Шымкент қаласының басшылығы тұрғындардан пайдаланған жылудың ақысын тез арада төлеуді сұранады. Өйткені № 3 жылу беру орталығының «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на отын үшін қарызы 700 млн. теңгеге жеткен. Сондықтан 14-желтоқсаннан бастап энергоорталыққа тәулігіне берілетін газдың мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден 20-30 мың текше метрге дейін төмендеді.

фото://content.izvestia.ru
фото://content.izvestia.ru

Алайда жылу қысымы қалыпты болады. Дегенмен кейбір тұтынушылардың берешекті уақытында өтемеуі қарыздың қордалануына себеп болып отыр.

Қазіргі таңда «№ 3 энергоорталық» АҚ аралас жанармаймен жұмыс істеп тұр. 15-желтоқсаннан бастап газ жеткізуге шектеу қойылғаннан кейін орталықтағы отынның жартысын «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің газы құраса, жартысы — мазут. Ал мазуттың қоры тек 15 күнге ғана жетеді. Әзірге температураны сақтау ережесі бір қалыпты.