Үйге газ кіргізу кезінде нені ескеру қажет?

269

Мемлекеттік газды үйге кіргізу кезінде тұрғындар нені білуі керек? Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков ең алдымен қауіпсіздік ережелерін ескеру қажет екенін айтады. Әрі, жобасын дайындау мен құжатын реттестіруде арнайы мамандарға жүгінген дұрыс дейді.

Мемлекет табиғи газды тек есік алдына дейін ғана әкеліп береді. Ал үйге тұрғындардың өзі кіргізеді. Осылай деген сала жауаптылары бұл жұмысты жауапкершілікпен атқару керек екенін айтады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алдымен «ҚазТрансгаздың» шартымен танысып, жоба дайындау қажет.

Боранбай Болатбеков Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы: «Газ дегенің өте қауіпті ғой. Сондықтан газға қосылу үшін тұрғындар «Қазтрангазға» барып, техусловия алады. Бір үй мысалы тек ас дайындауға газ жағамын дейді. Екіншісі мен үйімді жылытамын дейді. Соның бәрін «Қазтарнсгазтың» шартында проект жасап әкеліңіз дейді, көрейік дейді. Ертек біреу уланып қалмасын».

Мамандардың сөзінше, тұрғындар көгілдір отынға уланып қалмас үшін бірқатар ережелерді есте ұстағаны абзал.

«Ауыл биі барлығын ұйымдастырды. Бір адамды шақырып, бағасымен келісіп, өйткені көп болған соң баға да төмен болады ғой. Барлығы соңына дейін жүріп, проектін дайындап, құжаттарын реттестіріп берді. Тұрғындардың, әрқайсысы «Қазтрансгазға» бара бермей, бір-ақ адам барғаны да дұрыс. Біз қазір тұрғындарға осылай айтып жатырмыз. Сіздер осылай ұйымдастырыңыздар деп»,-дейді Боранбай Болатбеков.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы АГРС-3 құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген еді. Бұл шымкенттіктердің көгілдір отынға тез қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мысалы, биылдың өзінде 34 мың тұрғын табиғи газбен қамтылып, көрсеткіш 93-тен, 97,4 пайызға өседі деген жоспар бар.