Облыстық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы Әлібек Өмірәлиев алдағы жоспарларымен бөлісті. Сайлау комиссиясы аудандардағы ауыл әкімдерін сайлау шарасының заң шеңберінде өтуін қадағалауына алған.
Сонымен қатар мұнда Шымкент қалалық мәслихатының №19 округі бойынша шығып кеткен депутат Дулат Кожамжаров пен Мақтаарал аудандық мәслихатының № 21 округі бойынша Зиядин Ахметтің орнына жаңа депутаттар сайлауына дайындық жүргізілуде. Дүниеден озған Берік Торғауытов комиссия құрамынан шығарылды.