Облыстағы «Ең үздік ұстаз» анықталды

94

Түркістан облысындағы тілдерді оқыту орталықтарының арасында «Ең үздік ұстаз» байқауы өтті. Мұғалімдер арасында өткен сайыс 3 кезеңді қамтыды. Алғашқы кезеңде қатысушылар авторлық бағдарламасын таныстырса, екінші кезеңде үміткерлерге қазылар алқасы тарапынан сұрақтар ұсынылды.

Оқытушылар сөйлеу әрекетінің 4 түрінен дайындалған тапсырмалар аясында бақ сынады. Байқауда бас жүлдені Мақтаарал ауданынан келген Еркінова Жанат иеленді.

Ал I-орынға Шардара ауданының, II-орынға Жетісай, III-орынға Түркістан қаласының қатысушылары ие болды.

 Гүлдана Дәурен