Úı ANONS Футболдан ұлттық құрама Шымкентте жиналды

Футболдан ұлттық құрама Шымкентте жиналды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алда өтетін маңызды екі жолдастық кездесуге бас бапкер 25 футболшыны шақырған. Оның ішінде жергілікті «Ордабасы» клубының ойыншылары бар. Дайындық барысын әріптесім көріп қайтты.

 

«Дәл қазір біз Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионда тұрмыз. Оған себеп футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мұнда оқу-жаттығу ойындарын өткізіп жатыр. Яғни, еліміздің ең үздік деген футболшылары осында 4 күннен бері жаттығып жатыр. Ал бүгін ашық жаттығу өткізіп жатқан еді. Бірақ жаңбыр жауып кетті»

 

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бас команда сапындағы ойыншылар дайындықты тоқтатқан жоқ. Алда екі маңызды жолдастық кездесу күтіп тұр. Сондықтан бас бапкер ұлттық құрамаға 25 аяқдоп шеберін шақырған еді. Алайда, дайындық барысында бір спортшы жарақат алып, оның орнына Әділет Садыбеков жедел шақырту алды. Ол араға екі жыл салып, ел намысын қайта қорғау мүмкіндігі туғанын айтады.

 

ӘДІЛЕТ СӘДІБЕКОВ, ФУТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ: «Үйде жатқанмын телефон звонок келді ұлттық құрамадан. Өте әсерлі, қуанышты сәтте болдым. Мен оған риза болдым. Асыққанша келдім Шымкентке. — Дайындық қалай? — Дайындық өте керемет. Өте қарқынды жаттығулар болып жатыр. Армения мен Венгрияға дайынбыз деген ойдамын»

 

Оқу-жаттығу жиыны қаламызда бірінші рет өткізіліп отыр. Әділет Садыбековтің айтуынша, Шымкенттегі күннің ыстығына байланысты негізгі дайындық кешкі уақытқа қойылған. Сондай-ақ, футболшылар теориялық сабақтарға да белсенді қатысып жатыр.

 

ӘДІЛЕТ СӘДІБЕКОВ, ФУТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ: «Тек қана ойындарға келдік. Қазіргі алаңның сапасы өте керемет. Бәріміз ризамыз. Жаттығулар өте жақсы өтіп жатыр. Шымкентті білеміз өте ыстық қала қаланың бірі. Сол үшін де дайындық кешке қойылып жатыр. Сағат 6-да басталады бізді. Ойынға енді тренерслік штабпен талдау етіп, теориялар өтіп жатырмыз. Жоспар, алға қойған мақсаттарымызды бірге талқылап жатырмыз»

 

Бұл жолы жергілікті «Ордабасы» клубынан ұлттық құрамаға 4 ойыншы шақырылды. Солардың бірі — Мағжан Тоқтыбай. Ел құрамасы сапына алғаш рет іліккен жас талант бала күнгі арманының орындалғанын мақтанышпен жеткізді.

 

МАҒЖАН ТОҚТЫБАЙ, ФУТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ:  «Ұлттық құрамаға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бала кезден бергі арманым ұлттық құрамада ойнау. Бұйырса әлемге таныту, өзімнің жеке мақсатым бұйырса командағы көмектесу, гол салу, деген сияқты».

 

Оңтүстіктегі оқу-жаттығу жиыны маусымның 4-не дейін жалғасады. Содан кейін футболшылар шетелге аттанады. Нақтырақ айтсақ, 6 маусымда Армения құрамасымен сырт алаңда кездессе, 9 маусым күні Мажарстанның «Надьердеи» стадионында жергілікті ұлттық құрамамен жолдастық кездесу өткізеді.

Әсел Мәлік