Úı ANONS Бір үйдің екі баласы суға батып кетті

Бір үйдің екі баласы суға батып кетті

Түркістан облысында тағы бір қайғылы жағдай. Келес ауданында бір отбасының екі баласы суға батып көз жұмды. Ошақты суару каналына құлап кеткен жеткіншектерді ағыс алып кеткен. Мамандар балалардың қараусыз қалғанын айтады. Өңірде жыл басынан бері қанша адам суға кетті? Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарға қандай ескерту жасайды?

 

Түркістан облысы Еңбекші ауылында бір үйдің екі баласы суға батып, қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады.  Ведомствоның дерегінше, оқиға 31 мамыр күні кеште болған. Абайсызда Ошақты суару каналына құлап кеткен балаларды ағыс алып кеткен.

 

Балалардың үлкені – 13 жаста, кішісі 8 жасар. Мамандар балалар ойын кезінде қараусыз қалғанын айтады. Олардың бірінің денесі сол күні  түнде, екіншісі ертеңіне табылған. Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Жыл басынан бері Түркістан облысында жыл басынан бері 16 суға кету жазатайым оқиғасы тіркелген. Суға кеткендердің 12-сі – бала.

 

Еске салайық, 23 наурыз күні Келес ауданында 8 жасар бала суға батып кеткен. Төтеншеліктер оны бір ай іздегенімен, бала табылмады.

Дилара Иса