Екпеден кейін ауруханаға түскен жеткіншек есін жиды

443

Оңтүстікте қызылшаға қарсы жасалған екпеден кейін он күн бойы ес-түссіз жатқан жасөспірім есін жинады. Оныншы сыныптың оқушысы Сағындық Жанысбаев 19 ақпан күні қызылша ауруына қарсы вакцина салдырған болатын.

003

Содан он минут өткен соң жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасын шақыруға тура келген. Дәрігерлер науқасты аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызып қояды.

Қазіргі таңда дәрігерлер баланың ес-түссіз жан сақтау бөлімінде жатуының нақты себебін анықтай алған жоқ. Бұл жағдайдың ақ-қарасын енді тәуелсіз сарапшылар анықтауы мүмкін.