Оңтүстікте үйрек аулау маусымы басталды

247
фото: //clubneva.com

Облыс аумағында  көктемгі аңшылық маусымы ашылды. 7 наурыздан 21 наурызға дейінгі аралықта суда жүзетін аталық үйректерді аулауға болады. Жолдамалар мен арнайы рұқсат баж салығын төлеп, аңшылық куәлігі тіркеуден өткен жандарға ғана рұқсат беріледі.

Аңшылық мерзімі өткеннен кейін он күннің ішінде аумақтық инспекцияның жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөліміне арнайы рұқсаттарды пайдаланылуы туралы есеп беріледі.

Инспекторлар үйрек атқысы келген адамның үш құжаты болуы шарт деп отыр. Олар: аңшылық куәлігі, қаруының құжаты және аңшылық жолдамасы.