Оңтүстіктегі 4 бірдей университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды

2310
"Мирас" университеті

Қазақстанның бас прокуратурасы лицензиясы тоқтатылған жоғарғы оқу орындарының атын атады. «Қара тізімге» енгендер саны – 18. Оның төртеуі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Құзырлы органның мәлімдеуінше, бұл оқу орындары сапалы білім беруден гөрі диплом табыстаумен ғана айналысқан. Ал лицензиясынан айырылған өңірдегі бірқатар оқу орындарының басшылары бұл пікірге келіспей отыр.

"Мирас" университеті
«Мирас» университеті

«Қара тізімге» еніп, уақытша лицензиясынан айырылған оқу орындарының бірі – «Мирас» университеті. Мұнда бәрі Наурыз мерекесін арқа-жарқа тойлап жатыр. Ұжым абыржулы кейіп танытпағанымен, студенттердің мазасы қаша бастаған.

Әбілқайыр Қасымбеков, «Мирас» университетінің студенті: «Біздің оқу орны лицензиясынан айырылды деген хабарды әлеуметтік желілерден естіп, сары уайымға салындық. Группаластарым да қазір осыны ойлап жүр. Ата-аналарымыз да қайта-қайта хабарласып, уайымдап жатыр. Енді ІІІ курсты тәмамадап, диплом ала алмай қаламын ба деп қорқамын. Оқу төлемақымызды да төлеп қойып едік».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GTTjhOdFNeA[/youtube]

«Мирас» университеті осыдан 18 жыл бұрын өз жұмысын бастаған. Бүгінде 6000-ға тарта студенті бар. Білім ордасы басшылығының сөзіне сенсек, орын алған олқылықтар шешілуге таяу және биылғы түлектер де дипломдарын уақтылы алады.

Ақмалдин Ажидинов
Ақмалдин Ажидинов

Ақмалдин Ажидинов, Мирас университетінің проректоры: «Университетімізді тексеру барысында қазақ тіліндегі кітаптардың жетіспеушілігі, шетел студенттері құжаттарын ратификациялау, ғылыми жобалары бойынша кемшіліктер анықталды. Қазіргі таңда ратификация және ғылыми жобалар бойынша кемшіліктер жойылды. Кітап қоры бойынша жұмыс жасалып жатыр. Студенттердің ата-аналарына енді алаңдамаңыздар деп хабарлаймыз.  Университтетте оқу процесі жалғасуда. Студенттеріміз сабаққа қатысып, емтихандарын тапсырып жатыр. Олар оқу жылын аяқтауға құқылы.»

Дәл осындай кемшіліктер 13 мыңдай студенті бар Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінен де табылған. Оқу орнының лицензиясы уақытша тоқтатылғанымен, мұнда да оқу бағдарламасы жүріп жатыр.

Қазақстан инженерлі педагогикалық университеті
Қазақстан инженерліпедагогикалық университеті

Рабиға Қуатбекова, ҚИПХД-дің ректоры: «Қазіргі уақытта табылған кемшіліктер жойылып жатыр. Тіпті талапқа сай деген анықтаманы да әзірлеп қойдық. Енді ата-аналарға алаңдаудың еш қажеті жоқ. 2013 жылы арнайы аттестациядан да жақсы көрсеткіштермен өткен болатынбыз. Біздің оқу орнын лицензиядан толық айыратындай анау айтқан кемшілік жоқ. Студенттер үшін білікті ұстаздар қызмет етеді, жатақхана мен спортзалы, кітап – барлығы да жеткілікті.»

7053

Облысымызда лицензиясынан уақытша айырылған оқу орнындары бұлар ғана емес. Бұл тізімде Шымкент университеті және Шымкент аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті де бар. Респблика бойынша 18 бірдей оқу орны осындай қара тізімге іліккен.

Құзырлы органның мәлімдеуінше, лицензиясынан айрылған олардың түлектерінің сауаты күмән тудырады, педагогтарының біліктілігі шалажансар, материалдық техникалық базасының сапасы сын көтермейді. Егер кемшіліктер 6 ай ішінде түзелмесе, оқу орындары түбегейлі жұмысын тоқтатпақ.