Шымкентте 97 жеке сот орындаушылары заң бұзушылыққа жол берген. Олардың ішінде 12-сі мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, сот орындаушылар борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастау және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз атқарған.
Мәселен, лицециясынан айырылғандар, шетелде жүріп, құзіреті жоқ көмекшілері арқылы жеке тұлғалардың мәліметін алуға құқық берген. Ол аздай, атқарушылық іс қозғап, кейбірінің шоттарын бұғаттаған. Нәтижесінде, 85 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Алл қалғандары енді бұл қызметпен айналыса алмайды.
Құзырлы орган өкілдері, атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына тұрақты түрде қадағалау жүргізіп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.
Нургул Жолымбетова






