Мақтааралда ескерткіштер жаңартылды

432

Жеңіс күніне орай Мақтаарал ауданындағы Шаблан Ділдабеков ауылында ескерткіштер жаңартылды. Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен көнерген ескерткіштер жөнделіп, мүсіндер қалпына келтірілді.

vlcsnap-2015-04-21-09h37m43s39Арнайы тақталарға ауданнан соғысқа аттанған майдангерлер есімі қашалып жазылды. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында бүгінде жиырмаға жуық соғыс ардагері тұрып жатыр.

Ал Жеңіс ескерткіштерінің саны – 26. Жергілікті билік өкілдері бұл ескерткіштердің барлығы да жөндеуден өткен деп сендіреді.