Úı ANONS Мақтааралдағы ауылдардың барлығы газбен қамтылады

Мақтааралдағы ауылдардың барлығы газбен қамтылады

Мақтаарал ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілген.  Бүгінгі таңда аудан толықтай көгілдір отынға қол жеткізді. Әкімдік бұл тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауданның әлеуметтік және экономикалық әлеуетін арттыруға сеп болатынын айтады.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жайлыбаев ауылы табиғи газ жүйесіне қосылды. Бұл аудандағы газ құбыры тартылмаған соңғы ауыл болатын. Көгілдір отынға қолы жеткен тұрғындар тұрмысымыз жеңілдейтін болды дейді қуанып.

Ауданда 68 ауыл бар болса, оның 23-іне газ құбыры тартылмаған еді. Бұл үшін облыстық бюджеттен 9,5 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінген. Дәл қазір бұл ауылдардың барлығына түгел газ тартылған.

Мамандар тұрғындарға газ құбырын өз бетінше қоспауға шақырды. Ол үшін әуелі келісімшарт негізінде  «ҚазТрансГаз» мамандарымен  бірге жұмыс істеуге кеңес береді.

Дилара Иса