«Отырар» медиахолдингінің ұжымы Қозы Көрпеш — Баян сұлу күні мерекесіне орай көрермендеріне төл өнімі — 10 сериялы «Мен үйленемін» телехикаясын ұсынады. Бүгіннен бастап, әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 17:00-де 15 минуттық комедия эфирге шығады.
Ғашықтар хикаясындағы рөлдерді телеарна қызметкерлері сомдайды. Негізгі оқиға желісі — екі жастың үйленуіне байланысты. Қыз бен жігіт бірін-бірі сүйіп қалып, қосылуға шешім қабылдайды. Сөйтіп, оны өздерінің ата-аналарына жеткізеді. Осылайша екі жақ үйлену тойына дайындала бастайды…
Ендеше, түсірілім алаңынан шағын фоторепортаж ұсынамыз.
Телехикаяның негізгі операторы — Нұрғали Қошанәлиев. Кейде оған Ильдар Жүнісханов көмекке келеді. Негізі, сериалды түсіру үшін әдетте 2-3 бейнекамера қажет. Бірақ, жүйкесі мықты болса, бір оператор да жарай береді дейді режиссер.
Екінші сериал да қызықты болады дейді режиссер. Себебі, мұнда «ботаник» пен «отырған» қыз басты кейіпкерлердің бірі атанып отыр.
Данияр Сейсенбаев. Шымкент, 2015 жылдың 15 сәуірі