«Отырар» медиахолдингіне – 26 жыл!

341

Талантты тілшелердің тұсауын кескен, қалам ұстаған қауымның шеберханасы атанған «Отырар» медиахолдингіне – 26 жыл толып отыр. Кәсіби журналистер түлеп ұшқан медиаорталық тағы бір белесті артқа тастады.

Жас таланттардың қанатын қатайтып, қаламын ұштап отыратын телеарна күнгейліктердің жоғары бағасын алып та үлгерген. Күнделікті қаладағы, облыстағы жаңалықтардан жылдам, сапалы сюжет беріп үлгеретін теларна жұмысы қазандай қайнап жатады.

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып, өңірдегі жаңалықтарды қамтып халық назарына ұсынып отырған ұжымның еңбегі зор. Талантты, қаламы қарымды қауымның басын біріктірген медиаорталық алдағы уақытта көрермен талғамына сай талай тың дүниелерді ұсынуды жоспарлап отыр.