Үйлену тойын түсірген фотоаппаратты ұрлап кетті

109

2019 жылғы 7 шілдеде Шымкент қаласындағы тойханалардың бірінде белгісіз тұлға мерекелік тойлау кезінде фотографтың қымбат тұратын фотоаппаратын ұрлап, белгісіз бағытта бой тасалаған. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тергеу барысында фотоаппаратты ұрлады деген күдікпен қала тұрғынын анықтап, Абай АПБ-на жеткізген.

Аталған жайтқа ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Бүгін халықаралық «фотографтардың төл мерекесі».

Осы орайда Шымкент қаласының Полиция департаменті барлық фотографтарды кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, барлығына шығармашылық табыс тілейді және өзінің бағалы заттарына барынша сақ болуға кеңес береді.

QAINAR KÓZШымкент қ. ПД Баспасөз қызметі