Шетелдіктер «Отырар» медиахолдингінің тәжірибесін үйренуде

317

Бүгінгі қоғамда конвергентті журналистика мамандары тапшы, сондықтан жаңа жүйеге көшу қажет. Бұл жөнінде «Internews» ұйымының орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев мәлімдеді. Халықаралық мекеме ұжымы медиа-мамандарды дайындау үшін жаңа жобаларды қолға алды.

Алғашқы семинар-кеңес біздің рекдакиямызда, яғни, «Отырар» медиахолдингінде басталды. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген қонақтар конвергентті редакция – «Отырар TV» телеарнасы, kz.otyrar.kz, otyrar.kz сайттары мен «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттері ұжымының қызметімен етене танысты.

Шетелдіктер "Отырар" медиахолдингінің тәжірибесін үйренуде

«Бір оқпен екі қоянды ату». Конвергентті тілшіге қойылатын талап осы. Яғни, телеарна, газет және сайт арқылы халыққа дер кезінде шұғыл әрі шынайы ақпарды жеткізуі тиіс. Бүгінгі семинар-кеңестің басты тақырыбы да осы болды.

Ақылбек Оразматов – семинар қатысушысы. Әріптесіміз Қырғызстан еліндегі «Ынтымақ» қоғамдық-өңірлік телерадио компаниясының тілшісі. Аталған мекеме алғашында тек радио толқынында қызмет еткен. Ал қосымша телеарна мен сайттың ашылғанына небәрі жыл толыпты.

Ақылбек Оразматов, «Ынтымақ» қоғамдық-өңірлік телерадио компаниясының тілшісі (Қырғызстан): «Жасырмаймын, 1 жыл өтсе де конвергентті журналистикаға біздің «Ынтымақ» компаниясы толығымен көше алмай келеміз. Қиындау, әрбір бағыттың өзіне тән талаптары бар. Жазу стилдері де бөлек болуы тиіс. Мұны бүгін «Отырар» медиахолдингіне келіп, меңгеріп жатырмыз. Бұған дейін білмейтін дүниелерімді үйрендім. Мәселен, ақпаратты ең алдымен сайтқа жазуды және бейнесюжет пен мақаланың айырмашылығын да түсінген сияқтымын».

Конвергентті саланы меңгеруге біздің отандастарымыздан бөлек Қырғызстан және Тәжікстаннан 18 бірдей жорналшы жиналды. Олар «Отырар» медиахолдингінің сапалы әрі шұғыл ақпар тарату тәжірибесін меңгерді. «Internews» халықаралық ұйымы өкілдерінің сөзіне сенсек, бүгінгі қоғамға медиа-мамандар ауадай қажет.

Шетелдіктер "Отырар" медиахолдингінің тәжірибесін үйренуде

Марат Бигалиев, «Internewsтің» орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы: » Жаттығу-сабақта ең алдымен уақытты үнемдеу арқылы жаңалықты жаңа технология бойынша жеткізуді үйретіп жатырмыз. 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Отырар» медиахолдингі телеарна, газет және сайтта онлайн режимде сәтті жұмыс жасап келеді. Ендеше, шетелдік тілшілер мұндағы әрбір уақытты қалт жібермеуі тиіс».

Конвергентті журналистика саласындағы семинар-сабақ екі күн бойы өтеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2FKH0B8HWIk[/youtube]