Шымкенттің миллионыншы тұрғынына «Отырар» медиахолдингінің ұжымы құрмет көрсетті

428

Шымкент қаласының миллионыншы тұрғыны Еламан Айсұлу Саматқызы бүгін «Отырар» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында қонақта болды. Тікелей эфирге нәрестесін құшақтай келген миллионыншы тұрғынның ата – анасы Самат Еламанов пен Айжан Ахайбековаға көрермен жылы лебізін жаудырды.

Күтпеген жерден пәтерлі болып, қос қуанышқа кенелген жас отбасы тебіреністерін жасыра алмады. «Отырар» телеарнасының ұжымы да Шымкенттің миллионыншы тұрғынына құрмет көрсетіп, сый сияпат жасады. Естелікке суретке түсіп, редакция студиясын жұпарға бөлеген нәрестеге, ата-анасына ақ тілектерін арнады.