Қариялар «Ерлік» мұражайына ат басын бұрды

449

Шымкентте мұражай күні аясында облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері «Ерлік» мұражайына барды. Мұндағы Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін, есімін еске салар жәдігерлерді тағы да тамашалады. Жаңа бөлімдермен танысты. Фотосуреттерге қарап, қаруластары жөнінде естеліктер айтты. Ал тыл ардагерлері мұражайдағы әрбір дүниеге қарап, балалық шағы мен туыстарын сағынды.

8148

8146

Шерім Медеуов, тыл ардагері: «Шынымды айтсам, балалық шағым есіме түсті. Әсіресе, ұршық иіріп отырған әжей мен жанындағы баласын көріп, ауылымдағы жағдай көз алдыма елестеді. Себебі біздің кезімізде апаларымыз майшамның жарығымен түнде де отырып, ұршық иіріп, мақта түтетін. Менің жастық шағым қиындыққа толы болды, есекке арба жегіп, жер айдадық, күннің ыстық-суығына қарамай, шаруаларды атқардық. Міне, қазір мұның барлығы да жастарға үлгі-өнеге».

8144
8147
Айта кетейік, «Ерлік» мұражайы — Қазақстан бойынша екінші дүниежүзілік соғыстың майдангерлері мен тыл еңбеккерлерінің құрметіне ашылған жалғыз мәдени ошақ. Қазіргі уақытта мұнда 2700 жәдігер жинақталып отыр.