Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі оқу-жаттығу өткізді. Шомылу маусымының басталуына орай ұйымдастырылған шарада құтқару қызметінің дайындығы пысықталды.
Бұл оку-жаттығу барысында зардап шегушілер құтқарылып, жоспарланған барлық тапсырмалар орындалды. Айта кетейік, жыл басынан бері 9 адам суға кеткен. Жауаптылар орын алған оқиғаларға ата-аналардың салғыртты да себеп болып отыр дейді.