43 жастағы әйел суға ағып кетті

374

Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігер суға батып, мерт болды. Оқыс оқиға Төле би ауданындағы «Сары айғыр» демалыс аймағында орын алған.

003

Табиғат аясына серуенге шыққан бес адам суға түсіп, демалғанды жөн көріпті. Кенеттен 43 жастағы әйелдің аяғы тайып, ағысы қатты суға құлап кеткен. Шың басынан аққан судан ол шыға алмай қалған.

001

Жанында жүрген адамдар да қанша әрекеттенгенімен келіншекті ажал тырнағынан аман алып қала алмады. Әйелдің денесін құтқарушылар тек ертеңіне оқиға орнынан он шақырым жерден әзер тапқан. Кейіннен белгілі болғаны, марқұм осы аудандағы ауылдық ауруханалардың бірінде жұмыс істеген екен.

002

Тағыбай Тойбеков, Тоғыс судан құтқару стансасының бас құтқарушысы: «Таудың суын терең деп айта алмаймыз. Бірақ, ол ағысты су. Оның балы да өте күшті. 27-28 балға жетеді. Ондай өзенге шомылуға рұқсат жоқ.»