Облыс әкімі кәсіподақшылармен кездесті

294

Кәсіподақ күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстағы кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

001

 -Бүгінгі таңда өңірімізде 13 кәсіподақ ұйымы жұмыс жүргізеді, -дейді облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Д.Шерімқұлов өңір басшысымен болған кездесуде. — Еңбек ұжымдарын біріктіретін бұл ұйым еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді айқындап, оларды еңбек адамының мүддесі үшін шешуді көздейді. Елбасының бес институционалды реформасы шеңберінде еңбек қатынастары саласында да елеулі өзгерістер болмақ. Біз қоғамдық ұйым ретінде еңбек заңнамасын жетілдіру бағытындағы ұсыныстарымызды білдіретін боламыз.

Облыс әкімі қоғамда еңбек адамының орны мен ролі әрқашан да бөлек екендігіне назар аударды. Еңбек қарым-қатынасын реттеп, желдіру бағытында бұрын тікелей министрлікке қараған облыстық еңбек инспекциясы биылдан бастап облыс әкімдігінің дербес құрылымы болып қалыптасқанын атап өткен өңір басшысы тиісті саладағы басқармалармен бірлесе кәсіподақтар кеңесінің ролін күшейту керектігіне көңіл бөлді.