Оңтүстікте заңсыз жолмен нәпақа тауып жүрген шетелдік азаматтар анықталды. Нақтырақ айтсақ, «Сәлем» қоғамдыќ бірлестігінде өзге елден келген 5 азамат өкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген.
Мұнда шетелдік азаматтар жастарға ағылшын тілінен сабақ өткізіп жүріпті. Тексеру нәтижесі бойынша заңсыз әрекетке барғандарға жұмыстан шеттету туралы нұсқама беріліп, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=HDE1T2f0iKA[/youtube]
Ал «Сәлем» бірлестігінің басшылары орын алған заңсыздық Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен облыстық еңбек инспекциясының арасындағы түсінбеушілік салдарынан туындағанын алға тартуда. Екі тараптың келіспеушілігінен орын алған мұндай жайт бірнеше рет қайталанған екен. Дегенмен, бұл жолы шетелдік оқытушылар жұмыстан шығарылды.