Шымкенттіктер «мұның соңы эпидемияға алып келеді» деп қауіптенеді

437
Құбыры шіріп кеткен кәріз жүйесі

Шымкентте тозығы жеткен кәріз құбырларынан көшелердегі асфальт опырылып жатыр. Мұндай жағдай қаланың бірқатар аумағынан айқын байқалады. Талқандалған жол жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Қазір «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ескі құбырларды жаңалауға кірісті.

Құбыры шіріп кеткен кәріз жүйесі
Құбыры шіріп кеткен кәріз жүйесі

Шымкенттегі Застенная көшесінде инвестициялық бағдарлама аясында қалалық кәріз құбыры ауыстырылуда. Жергілікті тұрғын Нығмет Фазилов тозығы осы нысандардан түрлі тосын жағдайлар болғанын айтады.

Опырылған жолдар мен жағымсыз иістен шарашаған тұрғын
Опырылған жолдар мен жағымсыз иістен шаршаған тұрғын

Нығмет Фазилов, Застеннная көшесінің тұрғыны: «Құбырлар түскен. Адамдар өте алмайды. Кәдімгідей ойылып түсіп қала берді ғой. Ал мұрын шыдатпайтын сасық иістің өзі бөлек әңгіме. Балаларды далаға ойнаудан қалды. Трубалар ескірген. Жаңартқаны жақсы ғой. Қауіпсіз түсіп кетпейтін түнде. Күндіздің өзінде былтырдан бастап мында трубалар түсіп жатты. Кәдімгідей асфальт ойылып түсіп кете берді».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DB4GARSrMQY[/youtube]

Мұндағы кәріз құбыры 60 жылдары жүргізілген. Ескірген металл құбырла адам өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, санитарлық ахуалды да қиындатқан. Қазір жаңалау жұмыстары барысында 50 жылға төзімді гофраланған материал тартылып жатыр. Жаңғырту ісіне тұрғындар алғыстарын білдіріп отыр.

2019 жылға дейін тозығы жеткен 7 шақырым құбыр гофралық құбырмен ауыстырылады
2019 жылға дейін тозығы жеткен 7 шақырым құбыр гофралық құбырмен ауыстырылады

Анарбек Орман, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директоры: «Кеңес үкіметі уақытында су және кәріз жүйесіне темір құбырларды пайдаланған. Темір құбырлардың жұмыс істеу мерзімі ұзағанда — 25 жыл. Ал одан соң олар жарамсыз күйде болады. Өздеріңіз көріп отырсыздар. Құбырдың үстіңгі жағы жоқ. Апатты жағдайдағы құбырды біз ауыстырып жатырмыз. Бұл инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр.

Айта өтейік, щаһарда кәріз құбыры 400-ден астам шақырымды құрайды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі 2019 жылға дейін 6 миллиард теңгеге тозығы жеткен 7 шақырымдық осындай металл мен 60 шақырымнан аса су құбырларын ауыстыруды жоспарлап отыр.

Гофралық құбырлар 50 жыл қызмет атқарады
Гофралық құбырлар 50 жыл қызмет атқарады

Р.S. Айтпақшы, Шымкентте 100 мыңға жуық жек жер үйлер бар. Олардың бүгінгі таңда 10 пайызы ғана орталық кәріз жүйесіне қосылған. Қалғандары жерді қазып, санитарлық талапқа сай кемлейтін септиктеріне қалдықтарды ағызуда. Салдарынан «экологиялық ахуал өте күрделі, мұның соңы эпидемияға алып келеді»-дейді эколог мамандар. Мұндай тұрмыспен билік өкілдерінің Шымқаланы Лас-Вегасқа айналдыру жоспарының ауылы қашан келеді?