Биыл Шымкенттің 60 пайызы кәріз жүйесімен қамтылады

41

Бүгінде Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы биыл бұл бағытта 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін 2 магистралды кәріз коллекторының , 1 кәріз сорғы станциясы және Самал-3, Солтүстік шығыс, Солтүстік батыс, Жұлдыз елдімекендері мен Айша бибі және Хлопзавод-Шолохов көшелеріне кәріз құбырын тарту құрылысы аяқталды.

Жыл қорытындысымен, 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады.