№3 балалар үйі

16 қазан Шымкентте қайырымдылық күні атап өтілді. «Ырыс алды – ынтымақ» айдары аясында шаһар басшысы қаладағы №3 балалар үйіне ат басын бұрды.

№3 балалар үйі

Билік өкілдері 3-11 жас аралығындағы 60-қа жуық бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйінің тыныс тіршілігімен танысты. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді қала күнімен құттықтап, сый құрмет көрсетті.

Кәсіпкерлер мен халық қалаулыларының жасаған сый-сыяпатына қарқ болған балалар келген қонақтарға қала күніне арналған мерекелік бағдарламасын ұсынды. Қайырымдылықтан басталған шара осылайша өнерпаз балалардың ду-думанына ұласты.